Новости

Семейде жаңа спорт алаңы ашылды

Семейде жаңа спорт алаңы ашылды

Спортивные новости 09 Апреля 2026 в 14:01 1516 просмотров 0 комментариев

Семейде жаңа жасанды жабынмен жабдықталған шағын футбол алаңы ашылды.
Балаларға арналған кезекті футбол алаңының салтанатты ашылуы «Пристань» мөлтек ауданында Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімовтың қатысуымен өтті.

«Ең біріншіден біз балалар мен қала тұрғындарына осындай сый жасап отырған жеке кәсіпкер Сергей Агапкинге рахмет айтуымыз керек. Биыл еліміздәң футболына жүз жыл толады. Қазақстан футболының қалай өркендеп келе жатқанын жақсы білесіздер. Бүгінгі күні біз Семейде футболды жандандыруды қолға алып отырмыз. Және алғашқы атқарып отырған шаралар шағын футбол алаңдарын салу. Биылғы жылы Семейде 11 футбол алаңдары салынатын болады. Оның ішіндегі 2-і УЕФА-ның барлық талаптарына сай болады», - деді ашылу салтанатының рәсімінде А.Кәрімов.

Бүгінгі таңда мемлекеттік «Сәрби» қорының демеушілігімен қалада 2 жасанды жабынмен жабдықталған шағын футбол алаңдарының құрылысы, атап айтқанда №4 мектеп интернаты мен №8 балалар үйінде аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер демеушілігімен 1 жасанды жабынмен жабдықталған шагын футбол алаңы қаладағы 1 мөлтек ауданында салынды. Ал, Ново-Баженово және Знаменка ауылдарындада 2 жасанды жабынмен жабдықталған шағын футбол алаңының құрылысы аяқталып пайдалануға берілді

Бұған қоса Семейде екі үлкен футбол алаңдарының құрылысы жүргізілуде. №33, 38, 44 мектептерде жасанды жабынмен жабдықталған шағын футбол алаңдарының құрылысы қыркүйек айында аяқталады.

Ал, мына пайдалануға берілген шағын футбол алаңында балалар жыл бойы дене шынықтырумен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік алады. Келешекте бұл жерде жуынатын орындар мен үлкен тенис кортының құрылыстары бой көтермек. Жаңа спорт алаңының ашылу салтанаты балалар аула клубтарының қос командасының жолдастық кездесуімен аяқталды.