Новости

Семейде дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат тобы әскерилермен кездесті

Архив новостей 23 Апреля 2026 в 05:11 897 просмотров 0 комментариев

Семейде, «Шығыс» өңірлік  қолбасшылығының 36803 әскери бөлімінде «Қазақстан Республикасындағы экстремистік-діни ұйымдардың қызметі және оларға қарсы тұру іс-шаралары» тақырыбында  кездесу өткізілді.

Іс-шара «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, әскери полиция және қалалық ішкі саясат бөлімінің өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Кездесу барысында сөз алған, Семей қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаев тыңдаушыларға түрлі діни ағымдардың ұстанған бағыттары мен көздеген мақсаттары туралы баяндай келе, қаладағы діни ахуалға тоқталып өтсе, Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары майор Думан Ысқақов әскери қызметшілерді өз міндеттерін  жауапкершілікпен атқарып, армия арасына діни экстремистік идеяның таралуына жол бермеуге шақырды.

Жиын сұрақ-жауап түрінде өткен пікір алмасумен аяқталды.

 

 

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы